Алматыда 24 -25 желтоқсанда тұман мен көктайғақ сақталады

Алматыда 24 -25 желтоқсанда тұман мен көктайғақ сақталады

Алматы қаласының ТЖД «Қазгидромет» деректері бойынша, 24 -25 желтоқсан күні қалада  көктайғақ6 таулы орындарында - тұман, көктайғақ  сақталатынын хабарлайды.

Қала тұрғындары мен қонақтарына ұсыныстар:
- Жолда барынша сақ болыңыздар.
- Таулы аймақтарға және алыс жолға шықпаған жөн.
- Қозғалыс кезінде қауіпсіздік шараларын сақтаңыздар:

 Табаны толық тиетін аяқпен баяу жүріңіз.
 Асықпаңыз, кенет қимыл жасамаңыз.
 Табаны таймайтын аяқ киім киіңіз.
 Тепе-теңдік сақтау үшін қолыңызды қалтаға салмаңыз.
 Подъездер мен аялдамалар маңынан абайлап өтіңіз.
 Егде адамдарға – ұшына резеңке тағылған таяқ қолдану ұсынылады.

Өз қауіпсіздігіңізді сақтаңыз!