Алматы ТЖД қыс мезгіліндегі өнеркәсіптегі қауіпсіздікті еске салды Источник: https://rsk.almaty.kz/kz/news/3889

Алматы ТЖД қыс мезгіліндегі өнеркәсіптегі қауіпсіздікті еске салды  Источник: https://rsk.almaty.kz/kz/news/3889

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Мейіржан Икин қысқы кезде өнеркәсіптегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін кәсіпорындар мен ұйымдар қолға алуы тиіс негізгі іс-шараларды хабарлады.

Оның айтуынша, ауа температурасы төмендеген кезде жабдықтарды күн суықта пайдалануға дайындауға, қызметкерлердің жағдайын жасап, сондай-ақ өнеркәсіптік нысандардың жай-күйін бақылауды күшейту қажет.

«Технологиялық жабдықтардың, жылыту жүйелерінің, жарықтандыру мен байланыс құралдарының жарамдылығын уақтылы тексеріп, сондай-ақ механизмдерді атмосфералық әсерлерден қорғау маңызды.

Персоналдың қауіпсіздігі де аса маңызды мәселе болып қала береді. Жеке қорғаныш құралдарының болуы, жұмыс орындарында жылыну мүмкіндігін және жеткілікті жарықтандыруды ұйымдастыру қажет», — деді Мейіржан Икин.

Сонымен қатар ТЖД бастығының орынбасары қызметкерлердің апат кезіндегі іс-қимылдары, алғашқы медициналық көмек көрсету мен қысқы жағдайда жеке қорғаныш құралдарын қолдану бойынша білімдері мен практикалық дағдыларын тексерудің қажеттігін атап өтті.

Оның айтуынша, қыс мезгілінде мұздың пайда болу қаупі мен төтенше жағдайдың туындау ықтималдығы артатын қоймалар мен су айдындарын қоса алғанда, нысандардың жай-күйін бақылауға ерекше көңіл бөлу керек.

Сондай-ақ апаттық жоспарларды өзектендіріп,  қауіпті заттармен жұмыс істеу ерекшеліктерін ескере отырып, қызметкерлерді қосымша оқыту керек.

Источник: https://rsk.almaty.kz/ru/news/3889