Алматыда 20 желтоқсанда тұман мен көктайғақ сақталады

Алматыда 20 желтоқсанда тұман мен көктайғақ сақталады

Алматы қаласының ТЖД «Қазгидромет» деректері бойынша, 20 желтоқсан күні (сенбі) қалада тұман мен көктайғақ сақталатынын хабарлайды.

Қала тұрғындары мен қонақтарына ұсыныстар:
- Жолда барынша сақ болыңыздар.
- Таулы аймақтарға және алыс жолға шықпаған жөн.
- Қозғалыс кезінде қауіпсіздік шараларын сақтаңыздар:

 Табаны толық тиетін аяқпен баяу жүріңіз.
 Асықпаңыз, кенет қимыл жасамаңыз.
 Табаны таймайтын аяқ киім киіңіз.
 Тепе-теңдік сақтау үшін қолыңызды қалтаға салмаңыз.
 Подъездер мен аялдамалар маңынан абайлап өтіңіз.
 Егде адамдарға – ұшына резеңке тағылған таяқ қолдану ұсынылады.

Өз қауіпсіздігіңізді сақтаңыз!