
Алматы қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы және Әуезов ауданының ТЖ Басқармасымен бірлесіп «Тигрохауд» сауда үйіне келушілермен және қонақтармен профилактикалық жұмыс жүргізді. Іс — шараның негізгі мақсаты – жер сілкінісіне дейін, жер сілкінісі кезінде және одан кейінгі іс-әрекеттерге халықтың қауіпсіздік мәдениетін сіңіру.
«ЧС Алматы» мобильді қосымшасын пайдалануға ерекше назар аударылды. Алматы құтқарушылары сауда үйіне келушілерге қосымшаның функционалдығын көрсетті:
— шұғыл хабарламалар алу;
— табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ кезіндегі мінез-құлық жөніндегі нұсқаулықтар;
— зардап шеккен халықты қабылдау пункттерінің орналасқан жері.