
"Қауіпсіз қыс: Алматыда алдын алу рейдтері жалғасуда"
2025 жылғы 30 қарашада жылыту маусымы аясында Алматы қаласында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және халықтың қауіпсіздік мәдениетін арттыру мақсатында бірқатар профилактикалық іс-шаралар өткізілді.
🔹 Алатау ауданы
АГЗС-те рейд жүргізілді: жүргізушілерге газбен жабдықталған көлікті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелері ескертілді, ал операторларға газ баллондарын толтыруға тыйым салынатыны еске салынды. 35 жадынама мен брошюра таратылды. Сондай-ақ қатты отынмен жылытылатын жеке тұрғын үйлер араланып, тұрғындарға пешті қауіпсіз пайдалану ережелері түсіндірілді, жадынамалар табысталды.
🔹 Алмалы және Әуезов аудандары
Қатты отынмен жылытылатын тұрғын үйлер араланып, тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндіріліп, арнайы жадынамалар берілді.
🔹 Бостандық ауданы
«Қаратау» сауда үйінде профилактикалық түсіндіру шаралары өтті. Өрт қауіпсіздігі ережелері мен алғашқы өрт сөндіру құралдарын қолдану бойынша нұсқаулықтар жүргізілді.
Мұндай іс-шаралар қала аудандарында тұрақты түрде өткізіледі. Алматы қаласы ТЖД қала тұрғындарына қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді!