Қауіпті өндірістік объектілердің мамандары азаматтық қорғау саласында тренингтен өтті

Қауіпті өндірістік объектілердің мамандары азаматтық қорғау  саласында тренингтен өтті

Төтенше жағдайларда персоналдың іс-қимылға дайындығын арттыру мақсатында қауіпті өндірістік объектілердің мамандары азаматтық қорғау бойынша жоспардан тыс курстардан өтті.

Курстар барысында тыңдаушылар авариялар мен инциденттер туындаған кездегі іс-қимыл тәртібін, эвакуация ережелерін, алғашқы ден қою әдістерін, сондай-ақ кәсіпорындарда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды зерделеді.

АҚ саласындағы халықты оқыту және даярлау орталығында практикалық сабақтар өтті, олар ықтимал апаттардағы іс-қимылдарды пысықтауды, алғашқы өрт сөндіру құралдарын қолдануды және зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетуді қамтыды. Алғашқы көмек көрсету бойынша практикалық жаттығуды Қазақстан Республикасы ТЖМ «Барыс» Республикалық жедел-құтқару жасағының мамандары көрсетті, олар қан кетуді тоқтатудың, жүрек-өкпе реанимациясын жүргізудің және зардап шеккендерді иммобилизациялаудың заманауи әдістерін көрсетті.

Оқыту қорытындысы бойынша мамандар дайындықтың жоғары деңгейін растай отырып, тестілеуден өтті.

Курстардан өту өндірістік процестердің қауіпсіздігін арттыруға, төтенше жағдайлардың туындау тәуекелдерін азайтуға және кез келген штаттан тыс жағдайларда персоналдың жедел және сауатты іс-қимылдарға дайындығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Алматы қаласы ТЖД

ҚР ТЖМ "БАРС" РЖҚЖ