«Зима-2025»: готовность к вызовам сезона

«Зима-2025»: готовность к вызовам сезона

 

«Қыс-2025»: Қысқы сынақтарға дайындық

Қысқы кезеңге дайындық аясында мегаполис аумағында «Қыс-2025» атты аумақтық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.

Мақсаты — қыс мезгіліне тән төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің қалалық кіші жүйесінің дайындығын тексеру.

Оқу-жаттығу барысында тактикалық жоспарға сәйкес 9 шартты жағдай пысықталды, соның ішінде: 

- ЖЭО-дағы шартты апатты жою; 

- Тұрғын үй кешенін авариялық жылумен қамтуды қамтамасыз ету; 

- Зардап шеккен тұрғындарды қабылдау және жылыту пунктін орналастыру; 

- «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортындағы аспалы жолда құтқару жұмыстарын жүргізу; 

- Қар көшкіні салдарынан жоғалған адамды іздестіру.

Қорытынды бойынша оқу-жаттығу жеке құрамның практикалық дағдыларын жетілдіруге және төтенше жағдайларды жою кезінде барлық жедел қызметтердің өзара іс-қимыл деңгейін арттыруға мүмкіндік берді.