Президенттік мемлекеттік басқару академиясының тыңдаушылары ТЖ кезіндегі іс-қимылдарға оқытылды

Президенттік мемлекеттік басқару академиясының тыңдаушылары ТЖ кезіндегі іс-қимылдарға оқытылды

2025 жылғы 05 қарашада Азаматтық қорғау саласындағы халықты оқыту және даярлау орталығына Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы филиалының тыңдаушылары келді.

Іс-шара барысында мемлекеттік қызметке қабылданған қызметкерлер оқу жабдықтарымен және азаматтық қорғау мүлкімен танысты, теориялық тұрғыдан Алматыға тән төтенше жағдайлар кезінде жер сілкінісі, өрт, сел, сырғыма, қар көшкіні сияқты іс-қимыл дағдыларын игерді.

Сонымен қатар, Алматы құтқарушылары мемлекеттік қызметшілерге зардап шеккен халықты қабылдау пункттері, дабыл шабанының құрылымы, құрылымдық емес сейсмикалық күшейтуді жүргізу туралы ақпаратты жеткізді.

Сабақ қорытындысы бойынша қауіпсіздік саласындағы білімді қалыптастыру үшін барлығына азаматтық қорғау бойынша үгіт материалдары таратылды.

Іс-шараға барлығы 26 қызметкер қатысты.