Алматы қаласы ТЖД Наурызбай аудандық ТЖБ-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар өтті
Алматы қаласы ТЖД ҰКБ инспекциясының бастамасымен, «Amanat» партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңесінің төрағасы және Полиция басқармасы қызметкерлерімен бірлесіп, Наурызбай ауданы ТЖБ жеке құрамына арналған семинар-кеңес ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы идеологияны ілгерілету жөніндегі Концепцияның қағидалары мен тәсілдерін түсіндіру, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және қызметкерлер арасында заңдылық қағидаттарын нығайту.
Кездесу барысында полиция қызметкерлері сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, отбасылық зорлық-зомбылықпен күресу және заңдарды қатаң сақтау қажеттілігі туралы айтып берді.
Іс-шара ТЖД, «Amanat» партиясы және Полиция департаменті арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, сондай-ақ құқықтық сана мен тәртіпті қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болды.