Алматының медициналық-әлеуметтік нысандары азаматтық қорғау саласында оқудан өтті

Алматының медициналық-әлеуметтік нысандары  азаматтық қорғау саласында оқудан өтті

Алматы қаласының азаматтық қорғау саласындағы халықты оқыту және даярлау орталығында мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсететін медициналық-әлеуметтік ұйымдардың өкілдері үшін «Жер сілкінісіне дейінгі, жер сілкінісі кезінде және одан кейінгі іс-әрекеттер», «Өрт қауіпсіздігі», «Алғашқы көмек» тақырыптарында сабақтар өткізілді.

Негізгі мақсаты - медициналық-әлеуметтік нысандардың қызметкерлерін төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдар бойынша оқыту.

Халықтың осал топтарын - қарттарды, мүгедектігі бар адамдарды және мекемелердің қамқорлығындағы балаларды қорғауға ерекше назар аударылды. Қатысушылар әрекет ету тетіктері, шұғыл қызметтермен өзара іс-қимыл алгоритмдері, сондай-ақ ТЖ жағдайындағы персоналдың міндеттері туралы маңызды ақпарат алды.

Айта кету керек, қызмет алушылардың қауіпсіздігі мен денсаулығы қызметкерлердің келісілген және уақтылы әрекеттеріне байланысты. Оқыту және тұрақты жаттығулар медициналық-әлеуметтік мекемелер жұмысының ажырамас бөлігі болуға тиіс.

Алматы қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы