Алматы қаласы ТЖД-де Республика күніне орай марапаттау рәсімі өтті 

Алматы қаласы ТЖД-де Республика күніне орай марапаттау рәсімі өтті 

Республика күні қарсаңында Алматы қаласы ТЖД-де үздік қызметкерлерді салтанатты марапаттау рәсімі өтті. 

ТЖД бастығы Дамир Ермагамбетов қала әкімі Дархан Сатыбалдының Алғыс хаттарын табыстап, қаланың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлестері мен адал қызметтері үшін бірқатар қызметкерлерді марапаттады. 

 

Сонымен қатар, қызметкерлер Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына арналған мерейтойлық медальдармен марапатталды. Бұл — олардың кәсіби біліктілігі мен қызметке деген адалдығының айғағы. 

 

Аталған марапаттар — халықтың ризашылығы мен сенімінің көрінісі ғана емес, сонымен қатар табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуда жаңа жетістіктерге жетуге серпін береді.