ТЖМ -30 жылдығына орай ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы жанында Халықты оқыту орталығы салтанатты түрде ашылды.
Орталықтың құрылуына «Қамқор» еріктілер ұйымы үлкен қолдау көрсетті: қабырғалар тақырыптық муралдармен безендірілді, бұл жылы әрі шабыттандыратын атмосфераны қалыптастырады.
Оқу сыныптары заманауи үлгіге сай жаңартылды, интерьері жаңартылды. Өрт қауіпсіздігі кабинеттері, алғашқы көмек көрсету, жер сілкінісі жағдайындағы іс-қимылдар бойынша практикалық оқыту бөлмелері ашылды, сондай-ақ еріктілер бұрышы ұйымдастырылды. Орталық манекендер және көрнекі оқу материалдарымен жабдықталған, бұл білімді тиімді меңгеруге мүмкіндік береді.
Орталық тренингтер өткізуге, халықпен кездесулер ұйымдастыруға және қауіпсіздік дағдыларын үйретуге ыңғайлы әрі технологиялық тұрғыдан жетілген алаң болады.