Іс-шара мақсаты - Орталық Азия елдері апаттар қаупі мен климаттың өзгеруіне күш біріктіру.
2025 жылғы 15-17 қазан аралығында Тәжікстан Республикасы Душанбе қаласында, тәжік тараптың төрағалығымен, Орталық Азия елдерінің төтенше жағдайлар жөніндегі басшылықтарының аймақтық форумы – кеңесі өтеді.
Форумды Тәжікстан Республикасының Үкіметіндегі Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғау комитеті, Төтенше жағдайлар және апаттық тәуекелдерді азайту орталығы (CESDRR), Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы (UNDP), Германияның халықаралық ынтымақтастық қоғамы (GIZ) және БҰҰ-ның апаттық тәуекелдерді азайту басқармасы (UNDRR) бірлесіп ұйымдастырады. Талқыланатын негізгі тақырыптарға аймақ қалаларының апаттар мен климаттың өзгеру қаупіне төтеп беру қабілетін арттыру, оның ішінде ПРООН-ның аймақтық жобасы аясындағы пилоттық қалалардың тәуекел профилдері, «Early Warning for All» бастамасы шеңберіндегі ерте ескерту жүйелерін дамыту, трансшекаралық су ресурстарын басқару, сондай-ақ апат қаупін төмендету саласындағы аймақтық ынтымақтастықтың басым бағыттарын келісу кіреді.
Форум аясында ерте ескерту жүйелерін нығайту және «EW4All» бастамасын іске асыру бойынша серіктестердің аймақтық кездесуі жоспарлануда. Бұл кездесуді БҰҰ-ның апат тәуекелін төмендету басқармасы және Швейцария Үкіметінің қолдауымен ұйымдастырып, аймақтағы ерте ескерту жүйелерін жетілдіру бойынша барлық мүдделі тараптардың күш-жігері мен одан әрі іс-қимылдарға арналған ұсыныстар талқыланады және қорытынды құжатқа енгізіледі.