«Қауіпсіздік – басты назарда: «Лотте Рахат» кәсіпорнында профилактикалық бақылау жүргізілді»

«Қауіпсіздік – басты назарда: «Лотте Рахат» кәсіпорнында профилактикалық бақылау жүргізілді»

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері бақылау субъектісі «Лотте Рахат» АҚ-на қатысты жоспарлы профилактикалық бақылау жүргізді.

Іс-шара өндірістік нысанда өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуын бағалау мақсатында жоспарлы тексеру шеңберінде өткізілді.

Тексеру барысында Басқарма мамандары еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ықтимал бұзушылықтардың алдын алу бойынша түсіндірмелер мен ұсынымдар берді.