Мұнай және мұнай өнімдеріне арналған резервуарларды пайдалану және жөндеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 15 маусымдағы № 286 бұйрығы.
Резервуарларды жөндеу кезінде механикалық сипаттамалары мен химиялық құрамы төмен температуралар кезінде сынуға төзімділігі жоғары және дайындамаларды орауға мүмкіндігі бар, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес коррозияға төзімділігі жоғары металдар пайдаланылады. Көлемі 20 000м3 артық резервуарларды орама құрастыру әдісімен дайындауға және орнатуға жол берілмейді.
Резервуарды салу үшін жайма болат қолданылады. Болаттың сапасы мен маркасы резервуарды дайындауға арналған жобаның нұсқауларына сәйкес келуі және дайындаушылардың сертификаттарымен не зертханалық сынақтардың деректерімен расталуы тиіс.
Жөндеулер кестелер бойынша жүргізіледі. Жөндеудің әрбір түрінің кезеңділігін резервуарларды техникалық тексеру нәтижелеріне сәйкес пайдалану ерекшеліктерін ескере отырып, конструкция элементтерінің нақты тозу жылдамдығына байланысты белгіленеді.
Резервуарларды күрделі жөндеу кезінде мынадай жұмыстар көзделеді (типтік схема):
1) жөндеу жұмыстарын материалдармен, жабдықтармен, құрал-саймандармен, құрылғылармен және өзге қажетті заттармен қамтамасыз ету;
2) резервуарды мұнай мен мұнай өнімдерінен босату және тазарту;
3) газсыздандыру (жуу, булау, желдету);
4) резервуардың жай-күйі туралы техникалық қорытынды бере отырып, тексеру және дефектоскопия жасау;
5) ақаулық ведомостін жасау;
6) жұмыс өндірісінің жобасын әзірлеу;
7) тұнбаларды (қисаюларды) түзету, негіздерді, іргетастарды нығайту;
8) тозған элементтерді (қабырға, түп, жабын, понтон және өзге элементтер) ауыстыру;
9) от жұмыстарын қолдана отырып және оларды қолданбай ақауларды жою;
10) осы Қағидалардың талаптарына сәйкес беріктік және герметикалық бойынша сынау;
11) коррозияға қарсы қорғаныш жабындарды қолдану бойынша жұмыс;
12) резервуарды жөндеуге және сынауға арналған құжаттаманы жасау және ресімдеу.
Резервуарларды тазалау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу
Резервуарларды мезгіл-мезгіл тазалап отыру керек:
1) реактивті қозғалтқыштарға арналған отынға, авиациялық бензинге, авиациялық майларға және олардың компоненттеріне жылына кемінде екі рет;
2) майлаушы майларға арналған қоспалар және қоспалары бар майлар үшін жылына кемінде бір рет;
3) басқа майларға, автомобиль бензиндеріне, дизель отынына, парафиндерге және қасиеттері жағынан оларға ұқсас мұнай өнімдеріне кемінде екі жылда бір рет;
4) мұнайға, мазуттарға, мотор отындарына және физика-химиялық қасиеттері бойынша ұқсас мұнай өнімдеріне арналған резервуарларды олардың сапасын сақтау, резервуарлар мен жабдықтарды сенімді пайдалану шарттарымен айқындалатын қажеттілігіне қарай қорғалады.
Резервуарларды пайдалану процесінің ерекшеліктеріне сәйкес мұнай өнімдері ұзақ уақыт сақталғанда, металл резервуарларды оларды босатқаннан кейін тазартуға рұқсат етіледі.
Резервуарлар қажет болған жағдайда да тазартылады:
1) мұнай өнімдерінің сұрпы өзгергенде;
2) пирофоралық шөгінділерден, минералды ластағыштары, тат пен суы бар тұтқырлығы жоғары шөгінділерден тазарту;
3) кезекті немесе кезектен тыс жөндеу, күрделі дефектоскопия жүргізу.