Алматы қаласының Бостандық ауданында «Қауіпсіз саяжай» акциясы аясында тұрғындардың қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында бірқатар шаралар жүзеге асырылуда. ДЧС қызметкерлері саяжай тұрғындарына қысқы кезеңге дайындық бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жаңа цифрлық құрал – Telegram мессенджеріндегі интерактивті чат-ботты ұсынылды: 👉 https://t.me/Almaty_dchs_bot.
Чат-бот арқылы пайдаланушылар өрт, су тасқыны, жер сілкінісі және басқа да төтенше жағдайлар кезіндегі әрекеттер туралы жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала алады.
ДЧС Алматы бастығының у.м.а. Дамир Ермағамбетовтің тапсырмасы бойынша, демалыс күндері саяжай үйлерінің тұрғындарына қысқы кезеңге дайындық бойынша ақпараттық жұмыстар жалғасуда. Әсіресе, әлеуметтік осал топтарға ерекше назар аударылуда: 700-ге жуық үйде әлеуметтік осал отбасылар, ал 2 067 үйде әлеуметтік бейімделмеген адамдар тұрады.
Ағымдағы жылы Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Бостандық ауданында мұқтаж отбасыларға:
- 65 түтін детекторы;
- 12 газ талдағыш;
- 12 өрт сөндіргіш құралдары таратылды.
«Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына – 30 игі іс», «Қауіпсіз пеш», «Таза мұржа» және «Көмек қолы» акциялары аясында:
- Бұрын орнатылған көміртек тотығы (CO) детекторлары қайта тексерілді;
- Қысқа отын жеткізіліп, дайындалды;
- Аула аумақтары құрғақ шөп пен қоқыстан тазартылды;
- Мұқтаж отбасыларға азық-түлік көмегі көрсетілді.
Бұл шаралар қысқы кезеңде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған