Өрт сөндіру бөлімдерінің күрделі жөндеуі тікелей бақылауда

Өрт сөндіру бөлімдерінің күрделі жөндеуі тікелей бақылауда


Алматы қаласы ТЖД бастығының м.а. Дамир Ермагамбетов ӨСБ-4 және ӨСБ-5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдерінде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарына выездтік тексеру жүргізді.

Қатысты құрылымдық бөлімшелердің өкілдерімен бірге ол құрылыс жұмыстарына тартылған мердігерлік ұйымдармен кездесті. Инспекция барысында құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасына, құрылыс нормалары мен стандарттарының сақталуына ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, барлық мердігерлік жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес қатаң жүргізілуі тиіс екендігі атап өтілді.