Алматыда «Қауіпсіздік мобильді мектебі» өз жұмысын жалғастыруда

Алматыда «Қауіпсіздік мобильді мектебі» өз жұмысын жалғастыруда

Алматы қаласының құтқарушылары “Қоғам” қоғамдық қорының еріктілерімен бірге Әуезов, Жетісу және Наурызбай аудандарындағы көпбалалы отбасыларға барды.

 Балалардың терезені өздігінен ашуын болдырмау мақсатында терезе бекіткіштері орнатылды. 

Бұл шара тұрғын үйдегі қауіпсіздік деңгейін арттырып, жазатайым оқиғалардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмау және терезелерге қорғаныш құралдарын қолдану қажеттігі ескертілді.

⚠ Балалар қауіпсіздігі — баршамыздың ортақ міндетіміз!