«Мейірімділік  тамшысы: құтқарушылар — өмір доноры»

«Мейірімділік  тамшысы: құтқарушылар — өмір доноры»

«ТЖМ-тың 30 жылдығына – 30 игі іс» акциясы аясында 2025 жылдың 15 қыркүйегінде ҚР ТЖМ ЦМК Алматы қаласы бойынша филиалының жеке құрамы «Өмір тамшысы» атты донорлық марафонға қатысты.

Қызметкерлер ерікті түрде қан тапсырып, қан қорын толықтыруға үлес қосты, бұл өз кезегінде қан құюға мұқтаж жандардың өмірін құтқаруға бағытталған маңызды қадам болды. 

Марафон азаматтық қорғау саласы қызметкерлерінің әлеуметтік жауапкершілігінің жарқын үлгісіне айналды.

Акцияға медицина қызметкерлерінің қатысуы — олардың тек төтенше жағдайларда ғана емес, бейбіт күндері де азаматтардың өмірі мен денсаулығына жанашырлықпен қарайтынын көрсетті.

Алматы қ. ТЖД