Артём Резников — Алматыдағы жарқын жеңіс!

Артём Резников — Алматыдағы жарқын жеңіс!

14 қыркүйекте аты Almaty Arena спорттық кешеңінде ең көп күткен спорттық оқиғаларының бірі — Absolute Championship Akhmat (ACA 192) халықаралық лигасының кәсіби турнирі өтті.

Алматы қаласы ТЖД қызметкері, аралас жекпе-жек шебері Артём Резников әйгілі қарсыласы — америкалық PFL лигасының бұрынғы чемпионы Рауш Манфиомен жекпе-жекке шықты.

Кездесу жоғары қарқында өтті: алғашқы екі раунд қос спортшы үшін де үлкен сынақ болды. Мұнда шешуші рөлді шыдамдылық, тактикалық дайындық және болаттай мінез атқарды.

Алайда үшінші раундта Резников өз шеберлігі мен жеңіске деген жігерін көрсетіп, жекпе-жекті техникалық нокаутпен аяқтап, жанкүйерлерден зор қошеметке ие болды.

Біз Артём Резниковты лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Оған алдағы уақытта жарқын жеңістер, әсем жекпе-жектер және жаңа биіктерді бағындыруды тілейміз — еліміздің спорттық абыройы үшін!

Алматы қ.ТЖД