«3500 метр биіктіктегі миссия: көлдің батиметриясы» 

«3500 метр биіктіктегі миссия: көлдің батиметриясы» 

 Теңіз деңгейінен 3500 метр биіктікте мамандар Үлкен Алматы бассейніне кіретін 13-мореналық көлдің батиметриялық түсірілімін жүзеге асырды. 

Бұл жұмыс Алматы қаласы ТЖД мен «Геокурс» компаниясы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандум аясында, сондай-ақ ТЖМ «Қазселденқорғау» АҚ және География және су қауіпсіздігі институтының қатысуымен жүргізілді. 

Алматы қаласы ТЖД  тарапынан  биік таулы жағдайда түсірілім жүргізуге қажетті үйлестіру мен ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз етті. 

Барлық түсірілім жұмысы небәрі 90 минутта орындалды. GNSS-қабылдағыштары мен ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалана отырып: 

- су көлемі, 

- изобата картасы, 

- көл түбінің цифрлық моделі жасалды. 

Аталған деректер қауіп-қатерді бағалау, алдын алу және мониторинг жүргізу шараларын жоспарлау үшін негіз болады.