Әлем чемпионатындағы қола: Алматының ТЖД қызметкерлері абыройын қорғады

Әлем чемпионатындағы қола: Алматының ТЖД қызметкерлері абыройын қорғады

Ресей Федерациясы, Мордовия Республикасының Саранск қаласында өрт-құтқару спортынан жасөспірім қыздар мен юниор арасындағы X Әлем чемпионаты өтті.
Қазақстан намысын аталған беделді додада Алматы қаласы ТЖД-ның спортшы қыздары қорғады.


Беларусь, Болгария, Ресей, Словакия және Қазақстан құрамалары арасынан қазақстандық команда ерекше ерік-жігер танытып, Әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленді.


Сайыстың нәтижелері бойынша:
- Елизавета Усманова (үлкен жас тобы)
Жалпыкомандалық есепте — 3-орын иеленді;

- Лианна Шевцова (орта жас тобы)
Жалпыкомандалық есепте — 3-орын;
"Жауынгерлік қанат жаю" сайысында — 3-орын иеленді.

- Анастасия Бунякина (кіші жас тобы)
Жалпыкомандалық есепте — 3-орын;
"Жауынгерлік қанат жаю" сайысында — 3-орын;
Жеке біріншілікте — 2-орын алды (2-қабаттың терезесіне шабуыл сатысымен көтерілу)


Алматыға оралған спортшы қыздарды әуежайда салтанатты түрде гүлдермен және құттықтаулармен қарсы алды