Алматы қ. ТЖД бастығының ҚР ТЖМ комитетінің «Комета» филиалына жұмыс сапары

Алматы қ. ТЖД бастығының ҚР ТЖМ комитетінің «Комета» филиалына жұмыс сапары
 
Алматы қаласы ТЖД бастығы Ермағамбетов Д.М. жұмыс сапарымен ҚР ТЖМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің «Резерв» ШЖҚ РМК «Комета» филиалына барды.
 
Нысанмен танысу барысында «Комета» филиалының басшылығымен бірлесіп нысанның жағдайы қаралды, апаттық-құтқару және өртке қарсы қызметтердің жауынгерлік дайындығы тексерілді, өрт сөндіру техникасының еркін кіреберіс жолдары мен апаттық шығу жолдарының қолжетімділігі назарға алынды.
 
Сонымен қатар нысанда жүргізіліп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарына баға берілді, атап айтқанда:
•автоматика жүйесін ауыстыру,
•компрессор қондырғысын басқару қалқанын ауыстыру,
•майды салқындатудың жаңғыртылған жүйесі бар жаңа компрессор агрегатын орнату,
•аммиак сорғысына күрделі жөндеу жүргізу.
 
Сапар қорытындысы бойынша қауіпті өндірістік нысанды әрі қарай қауіпсіз пайдалану және оның жағдайын жақсарту жөнінде ұсыныстар берілді.