Алматыда балалардың терезеден құлауын алдын алу шаралары күшейтілді.
- Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар үшін 1 425 терезе шектегіш сатып алынды, олардың 465-і тегін орнатылды.
- Кең көлемді алдын алу науқаны жүргізілуде:
- Қауіпсіздік шаралары туралы SMS-хабарлама 2,7 миллион адамға жіберілді.
- Мектептер мен балабақшаларда қауіпсіз мінез-құлық ережелері бойынша сабақтар мен ойындар өткізілді.
- Тұрғындармен кездесулер ұйымдастырылып, 7 000-нан астам жадынама таратылды.
- Ақпарат подъездерде, LED-экрандарда және БАҚ-та (әлеуметтік желілер, радио, телеарналар) жариялануда.
- Қала аумағындағы лагерьлерде орналасқан 100-ден астам балаға «Қауіпсіздік мобильді мектебі» оқыту жүргізді.
Мақсат — әрбір баланың өмірі мен денсаулығын сақтау.