Республикалық бюджет есебінен қаржылық лизинг арқылы Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментіне екі дана су сору - жеңді өртке қарсы автокөлігі сатып алынды. Бұл техника қосымшам су қорын құрып, оны 2 шақырымға дейінгі магистральдық желілер арқылы жеткізуге, сондай-ақ жеке құрам мен өрт-техникалық жабдықты өрт орнына тасымалдауға арналған.
Атап өту керек, ТЖМ жүйесін жаңғырту аясында Алматы қаласында материалдық-техникалық жарақтандыру жұмыстары жүйелі және кезең-кезеңімен жүргізілуде.
Биыл 2025 жылы республикалық бюджет есебінен үш АЦ-3-40 өрт сөндіру автоцистернасы жеткізілді.
Ал жергілікті бюджет есебінен тағы 10 бірлік техника алу жоспарланған:
– 2 автоцистерна-саты;
– газ-түтіннен қорғау қызметінің арнайы көлігі;
– су тасымалдаушы көліктер;
– 2 өрт сөндіру автосатысы (АЛ-30);
– 3 буындық көтергіш техника;
– 4 сағаттық тыныс алу аппараттары;
– 1297-ден астам өрт сөндірушіге арналған жауынгерлік киім жиынтығы.
- үш дана автокөтергіш өртке қарсы техника.
Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі