Туристке арналған жадынама: тауға қалай қауіпсіз баруға болады

Туристке арналған жадынама: тауға қалай қауіпсіз баруға болады
  1. Жалғыз аттанбай, тауға тек топпен барыңыз.

Жалғыз бару — үлкен қауіп. Әрқашан серіктеспен жүріңіз.

 

  1. Маршрутты алдын ала зерттеңіз.

Жолға шығар алдында мынадай ақпаратты анықтап алыңыз: 

-  жол жүру күрделілік деңгейі, 

- қашықтық, 

- ауа райы, 

- қажетті құрал-жабдықтар.

 

  1. Сәйкес киімді таңдаңыз.

– міндетті түрде треккингке арналған аяқкиім.

 Рюкзакта болуы тиіс заттар: 

- ауа райына сай күртке мен шалбар, 

- жаңбыр жамылғысы, 

- жылы кофта немесе флис, 

- ашық түсті киім (ешқашан қара немесе камуфляж кимеңіз).

 

  1. Рюкзакта болуы қажет заттар:

- қосымша жылы киім, 

- пауэрбанк, 

- маңдайшам + қосымша батарейка, 

- ысқырық, 

- шайы бар термос, жеңіл ас, 

- жеке дәрі қобдишасы, 

- таысмалы газ плитасы + баллон, 

- алюминий кружка (500 мл).

 

Егер түнеу жоспарланса, қосымша: 

- ұйықтайтын қап (спальник), 

- төсеніш (каремат), 

- қосалқы іш киім.

 

  1. Тауға шығар алдында міндетті түрде жақындарыңызға ескертіңіз:

- маршрут пен түнейтін орындарды айтыңыз, 

- қай уақытта оралатыныңызды хабарлаңыз, 

- үнемі байланыста болу үшін қоңырау немесе хабарлама жіберуді жоспарлаңыз.

- Өзіңізді және топтағы әрбір адамды суретке түсіріңіз — құтқарушыларға нақты сыртқы бейне қажет.

- Маршрутты нақтылап, оны туыстарыңызға хабарлаңыз.

- Телефонды толық қуаттап алыңыз, қосымша қуаттағыш (power bank), ысқырғыш және шам алыңыз.

 

Егер адасып қалсаңыз:

- Сабыр сақтаңыз, үрейге бой алдырмаңыз.

- Егер байланыс болса, 112 немесе 8 (727) 372 15 60 нөміріне хабарласыңыз. Геолокацияңызды жіберіңіз және ең бастысы сол жерден қозғалмаңыз.

- Байланыс болмаса — орныңызда қалыңыз, ысқырғышпен немесе шаммен белгі беріп тұрыңыз.

- Тоңып қалмау үшін анда-санда қимылдап тұрыңыз, бірақ ашық алаңнан немесе жолдан алыс кетпеңіз.