Әріптестікті нығайта отырып: Ресей және Беларусь ТЖМ делегацияларының Алматыға сапары

Әріптестікті нығайта отырып: Ресей және Беларусь ТЖМ делегацияларының Алматыға сапары

  2025 жылғы 30 маусымда Алматы қаласының халықаралық әуежайында азаматтық қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық шеңберінде келген Ресей және Беларусь ТЖМ делегацияларының салтанатты кездесуі өтті.

  Сапар барысында шетелдік әріптестер Алматы қаласының аумағында орналасқан ТЖМ аумақтық бөлімшелерінің қызметімен танысты.

  Бағдарламаның негізгі тармақтарының бірі жаңартылған №20 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне бару болды. Қонақтарға Алматы қаласы ТЖД гарнизонының иелігіндегі  өрт-құтқару техникасы ұсынылды.

  Атап айтқанда мамандандырылған техниканың тактикалық-техникалық сипаттамалары, мотоцикл экипажының қатысуымен сөндіру элементтері, «Magirus» шассиі базасындағы АЛ-37 өрт автосатыларының мүмкіндіктері, өртті жоюға ғана емес, сондай-ақ инфрақұрылым объектілерін авариялық жылумен және электрмен жабдықтауды қамтамасыз етуге қабілетті көп мақсатты өрт автомобилі де делегацияның назарын аударды.

  Бөлімшелерді техникалық қайта жарақтандыру жұмыстары ерекше атап өтілді. Мәселен 2024 жылы Алматы қаласының ТЖД жоғары қауіпті жағдайларда, оның ішінде жарылыс қаупі бар объектілерде жұмыс істеген кезде жеке құрамды жылу сәулесінен, соққы толқынынан және сынықтардан қорғауға арналған отандық өндірістегі 6 өрт бронь қалқанын сатып алды.

  Іс-шара соңында мотоцикл экипажының шартты өртті жедел сөндіруі, сондай-ақ өртті сөндіру үшін импульстік жабдықтың қолданылуы көрсетілді.