Ауылдық жерлердегі өрттерге ден қою әлеуетін нығайту шеңберінде Алматы қаласы ТЖД өрт сөндіру автотехникасының партиясын Алматы облысына тапсырды.
Техниканы беру «Ауыл құтқарушылары» жаңа ауылдық өрт сөндіру бекеттерін құру үшін әкімдіктерге техниканы одан әрі бөлу мақсатында жүзеге асырылады.
Техникалық қызмет көрсетуден өткен және пайдалануға толық дайын 5 бірлік өрт сөндіру автоцистернасы берілді. Бұл машиналар Алматы облысының қашықтығына байланысты жедел ден қою қиын болған қорғалмаған елді мекендеріне тартылатын болады.
«Техниканы беру - бұл жай ғана логистикалық операция емес, бұл Алматы ТЖД-ның ауыл азаматтарының қауіпсіздік деңгейін арттыруға қосқан үлесі. Берілген техника өңір тұрғындарының өмірі мен мүлкін құтқаруға қызмет ететініне сенімдімін», — деп атап өтті ТЖМ ӨҚҚК төрағасы Ерлан Төрегелдиев.
Мұндай бекеттерді құру өрт ошағына келу уақытын едәуір қысқартуға, жергілікті органдардың дайындығын арттыруға және шағын елді мекендерде қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
«Бірлескен күш-жігермен біз тиімді әрекет ету жүйесін құрып жатырмыз. Жақын арада ауылдық округтерде жауынгерлік кезекшілікке қойылатын техниканы белсенді қолдағаны және бергені үшін Алматыдағы әріптестерімізге алғыс айтамыз», - деп түсіндірді Алматы облысы ТЖД бастығы Дәурен Оразбеков.
«Ауыл құтқарушылары» бекеттерінің желісін кеңейту бойынша жұмыс 2025 жылы белсенді түрде жалғасуда.
ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті