Каждое обращение — под контролем: круглый стол в ДЧС

Каждое обращение — под контролем: круглый стол в ДЧС

«Халық үнін естуші мемлекет» тұжырымдамасы аясында азаматтар мен заңды тұлғалардың Төтенше жағдайлар департаментіне келіп түскен өтініштерін қарау кезіндегі өзекті мәселелері прокуратура өкілдерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстелде талқыланды.

Жиынды Алматы қаласы ТЖД бастығының орынбасары Жүсіпов Данияр төрағалық етті.

Қонақтар қатарында:
- ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің Құқықтық ақпарат қалыптастыру басқармасының прокуроры Нареимов Тамерлан Талғатұлы
- ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің Өтініштерді талдау және бақылау басқармасының прокуроры Ермекбай Әлібек Ерболұлы

Инспекторлық құрам өзекті, практикалық сұрақтар қойып, оларға жан-жақты және кәсіби жауаптар алды.

Талқылау қорытындысы бойынша Алматы қаласы ТЖД басқарма, бөлім және топ басшыларына:
- Өтініштерді жан-жақты әрі сапалы қарауды қамтамасыз ету, негізді жауаптар беру;
- тиісті мерзім мен талаптарды қатаң бақылауы тапсырылды.