Алматы қаласы ТЖ Департаментінің базасында мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсететін медициналық-әлеуметтік ұйымдардың өкілдері үшін «Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам», «Жер сілкінісіне дейін, кезінде және одан кейін» тақырыптарында сабақ өткізілді.
Негізгі мақсаты - медициналық-әлеуметтік нысандардың қызметкерлерін төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдар бойынша оқыту.
Халықтың осал топтарын - қарттарды, мүгедектігі бар адамдарды және мекемелердің қамқорлығындағы балаларды қорғауға ерекше назар аударылды. Қатысушылар әрекет ету тетіктері, шұғыл қызметтермен өзара іс-қимыл алгоритмдері, сондай-ақ ТЖ жағдайындағы персоналдың міндеттері туралы маңызды ақпарат алды.
«Қызмет алушылардың қауіпсіздігі мен денсаулығы қызметкерлердің келісілген және уақтылы әрекеттеріне байланысты. Оқыту мен тұрақты жаттығулар медициналық-әлеуметтік мекемелер жұмысының ажырамас бөлігіне айналуы тиіс», - деп Алматы құтқарушылары атап өтті.