Балаларды терезеден құлаудан сақтаңыз

Балаларды терезеден құлаудан сақтаңыз

Жыл сайын балалардың терезеден құлау жағдайлары тіркеледі. Бұл жаңа мәселе емес, дегенмен де кейбір ата-аналар осыған жауапсыздықпен қарап, терезесі ашық тұрған пәтерде балаларды жалғыз қалдырып кетеді.

Құрметті ата-аналар, әрине, балаларыңыз сіз үшін ең қымбат жан. Егер сіздің салғырттығыңызға байланысты бала өмір мен өлім шегіне шықса, сіз ең алдымен орын алған оқиғаға өзіңізді кінәлайсыз. Сіздің отбасыңыздың тыныштығын сақтау және қайғы-қасіретті болдырмау үшін балаңызды ашық терезеге жібермеу, оның үстіне ашық бөлмеде қараусыз қалдырмау жеткілікті.

Терезеден құлау-балалардың жарақаттануы мен өлім-жітімінің негізгі себептерінің бірі болып табылады, әсіресе қалаларда. Балалар ашық терезенің алдында білуге құмарлығына байланысты өте осал. Жыл сайын ыстық күндер басталысымен балалардың терезеден құлау жағдайлары өседі. Балаларды қорғау - бұл бірінші кезекте ата-аналардың міндеті. Баланы терезеден құлаудан қалай қорғауға болады?

1. Кішкентай балаларды жалғыз қалдырмаңыз. Жалпы барлық құлау жағдайлары ата-аналар балаларды қараусыз қалдырғанда орын алады.

2. Бала терезе алдына шыға алмауы үшін жиһаздың барлық түрлерін терезеден алып тастаңыз. Тіпті аяқтарында берік ұстай алмайтын балалар да терезеге шыға алады, егер жанында ыңғайлы заттар, мысалға балаға арналған ағаш-диван, кресло, орындық, журнал үстелі, гүл ыдысы, ойыншықтарға арналған қорап болуы мүмкін.

3. Москит торына ЕШҚАШАН үміт артпаңыз! Олар құлаудан қорғауға арналмаған! Керісінше - москит торы трагедияға ықпал етеді, өйткені бала өзін қауіпсіз сезінеді және терезеге де, оған да сүйенеді. Балалар жиі осы торлармен бірге түседі. окна в положении «сложное открывание».

4. Мүмкіндігінше, терезелерді «күрделі ашылу» жағдайын қолданып ашыңыз.

5. Терезелерге, балаға терезені бірнеше сантиметрге ғана ашуға мүмкіндік беретін арнайы бекіткіштерді қойыңыз. Егер арнайы бекіткіштерді және сақтандыру құралын қазір орнатуға мүмкіндігіңіз болмаса, тұтқаны бекітетін болттарынан бұрауышпен бұрап алып оны уақытша жоғары қойыңыз, қажет кезде ғана қолданып, қайта алып тастап отырыңыз.

Есте сақтаңыз! Егер сіз балаға терезеден бірдеңе көрсетсеңіз - оны әрдайым мықтап ұстаңыз, баланың күрт қимылдарына дайын болыңыз, алақаныңызды құрғақ ұстаңыз, баланы киімінен ұстамаңыз.

Балаларыңызды сақтандырыңыз!

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі