2025 жылғы 14 мамырда сел қаупі жоғары кезеңге дайындық аясында Алматы облысында селден қорғау және сел ағынын тұрақтандыру құрылыстарының жағдайына көшпелі зерттеу және тексеру жүргізілді.
Іс-шараны Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы подполковник Оразбеков Д.Д. үйлестіріп, оған ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ ІААПТБ филиалының басшысы Жолдасбеков Д.Т., Талғар ауданы әкімінің орынбасары Каспақпаев О.О., сондай-ақ мердігер ұйымдардың басшылары қатысты.
Талғар ауданында «Талғар» селден қорғау бөгеті мен сел ұстайтын құрылыстың жағдайына көзбен шолу және тексеру жүргізілді. Ағымдағы жөндеу жұмыстарының барысы, өзен арнасын тазалау және нысандардың сел қаупі жоғары маусымға дайындығы қаралды. Тексеру қорытындысы бойынша аумақтық бөлімшелер мен мердігер ұйымдарға тиісті тапсырмалар берілді.
Алматы облысы ТЖД