2025 жылғы 15 мамырда Еңбекшіқазақ ауданы Байдебек би ауылындағы «Нұршуақ» балабақшасында аудандық төтенше жағдайлар бөлімі ұйымдастырған ерекше профилактикалық іс-шара өтті — өрт қауіпсіздігі тақырыбында театрландырылған сабақ өткізілді.
Балабақша тәрбиешілері мен Еңбекшіқазақ ауданы ТЖБ бас маманы, азаматтық қорғау подполковнигі А.Н. Қондыбаева бірлесіп, «Мысықтың үйі» атты ертегіні бейімделген түрде сахналады. Қойылым барысында балалар өрт болған жағдайда өзін қалай ұстау керектігін, құтқару қызметіне қалай дұрыс қоңырау шалуға болатынын және түтін немесе от шыққанда жасырынуға болмайтынын ойын арқылы үйренді.
Мұндай интерактивті формат ақпаратты жақсы меңгеруге, өрт кезінде дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыруға және өртке қатысты қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін дамытуға ықпал етеді.
Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті болашақта да осындай театрландырылған профилактикалық шараларды өңірдегі мектепке дейінгі ұйымдарда жалғастыруды жоспарлап отыр.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі