Алматы облысы ТЖД қызметкерлерімен дәрігер, суицидолог -психиатр мамандармен кездесу өтті

Алматы облысы ТЖД қызметкерлерімен дәрігер, суицидолог -психиатр мамандармен кездесу өтті

Алматы облысы ТЖД жеке құрамы арасында психолог мамандардың бастамасымен салауатты өмір салтын насихаттау және психологиялық деструктивті (суицидтік) мінез-құлықтың алдын алу мақсатында арнайы кездесу ұйымдастырылды.

Шараға аудандардағы "Салауатты өмір салты" (ЗОЖ) кабинетінің дәрігерлері, суицидологтар мен психиатр мамандар қатысты. Кездесу барысында мамандар қызметкерлерге психологиялық тұрақтылықты сақтау, күйзеліс жағдайында өз-өзін басқару, зиянды әдеттерден арылу, сондай-ақ никотин, алкоголь және басқа да тәуелділіктердің алдын алу жолдары туралы жан-жақты ақпарат берді.

Сонымен қатар, қызметкерлерге психологиялық көмек алудың қолжетімділігі, психикалық саулықтың маңызы және өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың негізгі қағидалары түсіндірілді. Мамандар қатысушылармен интерактивті сұхбат жүргізіп, тәжірибелік жаттығулар өткізді.

Мұндай шаралар ТЖД қызметкерлерінің кәсіби әрі жеке өміріндегі тұрақтылықты арттыруға, ұжым ішіндегі психологиялық ахуалды жақсартуға септігін тигізеді.