Алматы облысының орман алқаптарында орман өрттерін жоюға күштер мен құралдардың дайындығын тексеру барысында іс-қимылдарды пысықтау бойынша оқу-жаттығулар өткізілді.
Жаттығу аясында бірінші кезекте табиғи өрттерді сөндіруге қатысатын мамандардың техникалық дайындығы тексерілді. Қызметтер арасындағы өзара іс-қимылдың үйлесімділігіне және жеделдігіне ерекше назар аударылады.
Оқу-жаттығуға орман шаруашылығының, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және ерікті өрт сөндіру құралымдары қатысты. Барлығы 70-ке жуық адам, сондай-ақ 4 ірі өрт сөндіру көлігі мен 13 арнайы техника жұмылдырылды.
Іс-шара барысы қатысушы бөлімшелердің техникалық және тактикалық дайындығын бағалауға мүмкіндік берді. Өрт қаупі бар маусым кезеңінде іс-қимыл алгоритмдерін пысықтау өте маңызды.
Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті табиғи сипаттағы төтенше жағдайларға дайындық бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда және азаматтарды өртке қарсы қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.
Табиғатты қорғаңыз-ол отқа қарсы қорғансыз!
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі