
1941–1945 жылдары тылда аянбай еңбек етіп, Кеген ауданының Алғабас ауылында қиын-қыстау кезеңде қажырлылық пен төзімділіктің нағыз үлгісін көрсеткен Азият апамыздың ерен еңбегі – Жеңіс шежіресінің алтын беттерінде тайға таңба басқандай айшықталып жазылды.
Қызметкерлер Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қажырлы еңбегі үшін Азият апаға шынайы алғыс айтып, Жеңіске қосқан өлшеусіз үлесі мен өшпес ерлігіне терең құрмет білдірді. Мұндай ардагерлер — ұлттың тірі шежіресі, елдің мақтанышы.
Туған елге деген адалдық, маңдай термен келген ерлік – бүгінгі ұрпақ үшін шынайы өмірлік өнеге. Сіздің Жеңіске қосқан үлесіңіз – ұлт жадында мәңгі жаңғырып, құрметпен еске алына бермек.
Алматы облысының ТЖД