
Іле ауданы ТЖБ қызметкерлері Жеңістің 80-жылдығын мерекелеуге орай республикалық қайырымдылық акциясы аясында ардагерді құттықтады.
Іле ауданы ТЖБ қызметкерлері Жеңістің 80-жылдығын мерекелеуге орай республикалық қайырымдылық акцияларын өткізу тұжырымдамасы аясындағы іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында Іле ауданы, Байсерке ауылында тұратын тыл еңбеккері 1936 жылы туылған Богатырь Раиса Дмитриевнаны Жеңістің 80-жылдығымен құттықтап, аталған қарияға атаулы көмек көрсетті. Сонымен бірге, тыл еңбеккері ТЖБ қызметкерлерімен Ұлы Отан Соғысы жылдарындағы өзінің естеліктерімен бөлісіп, жылы лебіздерін білдіріп, алғысын айтты.
Алматы облысының ТЖД