Іле ауданының тыл еңбеккеріне құрмет көрсетілді

Іле ауданының тыл еңбеккеріне құрмет көрсетілді

Іле ауданы ТЖБ қызметкерлері Жеңістің 80-жылдығын мерекелеуге орай республикалық қайырымдылық акциясы аясында жалғыз басты ардагерді құттықтады.

Іле ауданы ТЖБ қызметкерлері Жеңістің 80-жылдығын мерекелеуге орай республикалық қайырымдылық акцияларын өткізу тұжырымдамасы аясындағы іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында Іле ауданы, Байсерке ауылында тұратын жалғызбасты тыл еңбеккері 1936 жылы туылған Богатырь Раиса Дмитриевнаны Жеңістің 80-жылдығымен құттықтап, аталған қарияға атаулы көмек көрсетті. Сонымен бірге, тыл еңбеккері ТЖБ қызметкерлерімен Ұлы Отан Соғысы жылдарындағы өзінің естеліктерімен бөлісіп, жылы лебіздерін білдіріп, алғысын айтты.

Алматы облысының ТЖД