Отан қорғаушылар күніне және ҰОС Жеңісінің 80 жылдығына арналған сабағы

Отан қорғаушылар күніне және ҰОС Жеңісінің 80 жылдығына арналған сабағы

Еңбекшіқазақ ауданы ТЖБ қызметкерлері оқушыларға ата бабаларымыздың ерлігі  мен ұрпақтар сабақтастығы туралы айтып берді. 

2025 жылдың 6 мамырында Еңбекшіқазақ ауданы ТЖБ қызметкерлері Есік қаласындағы 6 қазақ лицейінің 6 сынып оқушыларына сабағын өткізді. Іс-шара Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына дайындық аясында өтті. Оқушыларға Қазақстанның Жеңіске қосқан үлесі, соғыс майдандарындағы қазақстандықтардың ерлігі, сондай-ақ туыстарының соғыс  қимылдарына қатысқан қызметкерінің жеке тарихы туралы айтылды. Ұрпақтар сабақтастығы атап өтілді: батырлардың ұрпақтары бүгінде ҚР ТЖМ жүйесінде Отанға қызмет етуді жалғастыруда, күн сайын қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, азаматтардың өмірін сақтап қалуда.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі