Бірлігі жарасқан ұжым – табыстың кепілі

Бірлігі жарасқан ұжым – табыстың кепілі

Алматы облысы ТЖД-ға қарасты аудандар мен өрт сөндіру бөлімінде ұжымның психологиялық ахуалын жақсарту мақсатында тренинг пен тимбилдинг іс-шарасы өтті.


Алматы облысы ТЖД қарамағындағы жеке құрам арасында «Бірлігі жарасқан ұжым – табыстың кепілі» атты психологиялық тренинг пен тимбилдинг ұйымдастырылды. Ауа райының қолайлылығына қарай кей өңірлерде ашық алаңда өткізілген іс-шара ұжымішілік қарым-қатынасты нығайтуға бағытталды. Психолог мамандар ұсынған жаттығулар мен топтық ойындар қызметкерлердің сенімділігін арттырып, командалық рухты күшейтті.

Алматы облысының ТЖД