Табиғаттағы демалыс орындарында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша бірлескен рейдтік іс-шара бастамасын алды
Алматы облысында өрт қауіпті кезеңнің басталуына байланысты өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау мақсатында профилактикалық рейдтік іс-шаралар басталды. Іс-шараға Төтенше жағдайлар департаментінің аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы органдардың, жергілікті полиция қызметінің және орман шаруашылығы мекемелерінің өкілдері жұмылдырылды. Халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы кең ауқымды аумақтар бақылауға алынуда.
Алматы облысы ТЖД