Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел құтқару жасағы қызметкерлерімен "Жоғары жауапкершілік жағдайында уақытты басқару" тақырыбында онлайн-форматта психологиялық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара ZOOM платформасы арқылы өтті. Шараның басты мақсаты – қатысушылардың уақытты тиімді басқару дағдыларын дамыту және кәсіби қызметтегі жауапкершілігі жоғары жағдайда шешім қабылдау жылдамдығын арттыру. Психолог маман тайм-менеджменттің негізгі қағидалары мен практикалық әдістерін ұсынды.
Дөңгелек үстел барысында келесі маңызды тақырыптар қамтылды:
тапсырмаларды басымдық деңгейіне қарай бөлу және өкілеттілікті делегирлеу;
шоғырлану қабілетін арттыру және алаңдататын факторлармен күресу;
күнделіктер мен цифрлық құралдар арқылы уақытты жоспарлау;
кәсіби күйзелістің алдын алу үшін жүктемені тиімді бөлу;
жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдікті сақтау.
Қатысушылар нақты қызметтік жағдайлармен бөлісіп, ұсынылған әдістерді күнделікті тәжірибеде қолдану жолдарын талқылады. Уақытты дұрыс ұйымдастыру тек жұмыс өнімділігін арттырып қана қоймай, сонымен қатар стрессті азайтуға, эмоциялық тұрақтылықты сақтауға және өмір сапасын арттыруға көмектесетіні атап өтілді.
Психологтың кеңестері жоғары жүктеме жағдайында тиімділік пен ішкі тепе-теңдікті сақтау жолдарын меңгеруге бағытталды.
Алматы облысының ТЖД