2025 жылғы 2 мамырда Алматы облысының ТЖД қызметкерлері Құқықтық статистика және арнайы есепке алу департаментімен бірлесіп, №10 қазақ мектеп-лицейінің оқушыларымен «Қауіпсіз жаз» тақырыбында кездесу өткізді.
Іс-шараға 70 оқушы қатысты. Оларға судағы, өрт кезіндегі, жолда және жаз мезгілінде туындайтын басқа да жағдайлардағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Оқушылар белсенді түрде сұрақ қойып, талқылауға қатысты.
Мұндай кездесулер балалардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
Алматы облысының ТЖД