Қауіпсіздік техникасы дағдыларына оқыту

Қауіпсіздік техникасы дағдыларына оқыту

«Спорттық туризм федерациясы» қоғамдық бірлестігімен төтенше жағдайларда көмек көрсету бойынша тренинг өткізілді

Алматы облысы ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасы, Мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасы, Қонаев қаласының Жедел құтқару жасағы және Апаттар медицина орталығымен бірлесіп, «Спорттық туризм федерациясы» қоғамдық бірлестігімен «Судағы қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі, алғашқы медициналық көмек көрсету, сондай-ақ Департамент қызметімен таныстыру» тақырыбында тренинг ұйымдастырып, өткізді. Мұндай тренингтердің басты мақсаты — халықты қауіпсіздік шараларымен таныстыру және түрлі төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету дағдыларына үйрету.

Алматы облысы ТЖД