Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері арасында кәсіби шеберлік пен тәжірибені арттыру мақсатында "Үздік жүргізуші" жарысы өткізілді.
Жарыс барысында қатысушылар автокөлікті шебер басқару, кедергілерден өту, қауіпсіздік талаптарын сақтау және арнайы тапсырмаларды жылдам әрі сапалы орындау, жүргізуші құрамымен жылдам маневр жасау дағдыларын жетілдіру бойынша бақ сынасты. Іс-шара өрт сөндірушілердің күнделікті қызметіне қажетті дағдыларды жетілдірумен қатар, командалық рухты нығайтуға бағытталды.
Аталған іс-шараның мақсаты – жүргізуші құрамының жол қозғалысы ережелерін білу деңгейін арттыру, арнайы сигналдарды дұрыс әрі қауіпсіз қолдану дағдыларын жетілдіру. Міндеттері – теориялық білімді бекіту, тәжірибелік дағдыларды дамыту және апаттық жағдайлардың алдын алу.
Бақ сынасу кезінде Алматы облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлерін тарта отырып, жүргізуші мамандармен жол қозғалысы ережелерін зерделеу және сынақ қабылдау арқылы арнайы дыбыстық және жарық сигналдарын қолдану бойынша теориялық сабақ өткізілді. Жалпы, жарысқа Алматы облысының 14 өрт сөндіру бөлімдерінен 103 жеке құрамы қатысып, жарыс алаңында өзара мықтыны анықтады. Алматы облысы ТЖД өкілдерінің айтуынша, мұндай жарыстар алдағы уақытта да дәстүрлі түрде өткізіліп тұрмақ.
Жылдам маневр жасау бойынша өткен “Үздік жүргізуші” гарнизондық жарысының қорытындысы төмендегідей:
1-орынға ие болған Райымбек ауданы, ✓12 ӨСБ жеке құрамы;
2-орынға ие болған Еңбекшіқазақ ауданы, ✓3-ӨСБ жеке құрамы;
3-орынға ие болған Балқаш ауданы ✓10 ӨСБ жеке құрамы иеленді.
Шара нәтижесінде үздік көрсеткен жүргізушілер марапатталып, оларға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Алматы облысының ТЖД