Іле ауданының аумағында жер асты суларын көтеру бойынша учаскені тексеру

Іле ауданының аумағында жер асты суларын көтеру бойынша учаскені тексеру

Іле ауданы Байсерке ауылында Алматы облысының ТЖД бастығының м. у. а. Д. Оразбековтың қатысуымен жер асты суларының көтерілетін жеріне тексеру жүргізілді.

Байсерке ауылының жаңа тұрғын үйлер салынған аумақта жыл сайын жеке тұрғын үйлердің аулаларын су басатын жер асты сулары көтерілетін учаске бар. Бұл учаскеде көзбен шолып тексеру жүргізілді оның барысында траншея төсеу және сезімтал учаскелерді инертті материалдармен толтыру туралы шешім қабылданды. Бұл шешім жер асты суларының көтерілуін болдырмауға бағытталған. Бүгінгі таңда жағдай тұрақты.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі