Өрт қаупі жоғары кезеңге күштер мен құралдардың дайын болуы – табиғатты өрттен сақтаудың маңызды қадамы

Өрт қаупі жоғары кезеңге күштер мен құралдардың дайын болуы – табиғатты өрттен сақтаудың маңызды қадамы

Алматы облысындағы орман алқаптары мен ауыл шаруашылығы нысандарындағы дала өрттерінің алдын алу шаралары

Алматы облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік орман қорының жалпы ауданы 3,2 млн гектар, оның ішінде орманмен жабылған алқаптар 1,6 млн гектарды қамтиды. Облыстың орманды аймағы 14,9 пайызды құрайды. Халықты, аумақты және шаруашылық нысандарын орманды аймақтардағы және дала алқаптарындағы ықтимал өрттерден қорғау мақсатында жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, Алматы облысы ТЖД, Алматы облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы, барлық меншік нысандарындағы ұйымдар және мүдделі органдармен бірлесіп, өрт қауіпті кезеңге күштер мен құралдардың дайындығын тексеруге арналған жоспардан тыс іс-шаралар өткізілуде. Бұл іс-шаралар олардың ТЖ орнына тартылу тәртібін айқындауды және орманды әрі дала алқаптарында өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын тексеруді қамтиды.

Алматы облысы ТЖД