Аралтөбе елді мекеніне қарасты Іле өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты Топар-2 өзенінің оң жақ бекітпесінің су шайып кетуінен жағалауы құлап түскен.
Алматы облысы ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы Д.Д. Оразбековтың бастауымен, комиссия кұрамында: Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы, Балқаш ауданының әкімі А.Ү. Құтпанбетов және орынбасары, Аудандык Тетенше жагдайлар бөлімінің бастығы, Ақжар ауылдық округінің әкімі, төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында, Ақжар ауылдық округіне қарасты Аралтөбе елді мекенінің ішінен өтетін Іле өзенінен бастау алатын Топар-2 өзегінің Іле өзеніндегі оң жақ бекітпесін көзбен шолып тексеру жұмыстары жүргізілді, нәтижесінде Ақжар ауылдық округіне қарасты Аралтөбе елді мекенінің ішінен өтіп жатқан Іле өзенінен бастау алатын Топар-2 өзегінің басында Іле өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты Топар-2 өзегінің оң жақ бекітпесі судын шаюынан жағалауы құлап, топырақ қабаты опырылып түсті.
Топар-2 өзегінің бас жағындағы Іле өзеніндегі оң жақ бекітпесіне (Аралтөбе елді мекенінен шамамен 3 шақырым жерде) нығайту жұмыстарының жүргізу керектігі анықталды.
Анықтама: Ақжар ауылдық округіне қарасты Аралтөбе елді мекенінде 500-ге жуық тұрғын (оның ішінде 80 окушы және 65 зейнеткер) 137 тұрғын үй орналасқан. Елді мекенде 1 білім беру (Аралтөбе орта мектебі) және 1 денсаулық сақтау нысаны
(медициналык пункт) орналасқан.
Алматы облысының ТЖД