Қауіпсіз жаз: Еңбекшіқазақ ауданында ата-аналарға балалардың қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
2025 жылғы 18 сәуірде Еңбекшіқазақ ауданының ТЖБ қызметкерлері аудандық ата-аналар жиналысына қатысты.
Алматы облысы ТЖД бастамасымен ата-аналарға өрт қауіпті және шомылу маусымдарындағы қауіпсіздік ережелері, терезеден құлау профилактикасы, табиғатта демалу және балалардың электрсамокат пен велосипедтерді өздігінен пайдалануы кезіндегі қауіп-қатерлер туралы түсіндірілді.
Шара барысында 100 жадынама таратылып, оқыту бейнероликтері көрсетілді. Ерекше назар – ата-аналық бақылаудың маңыздылығына және балалардың қауіпсіз мінез-құлқын қалыптастыруға аударылды.
Алматы облысының ТЖД