«Мен таңдаған өмір» тақырыбында тренинг-семинар өтті

«Мен таңдаған өмір» тақырыбында тренинг-семинар өтті

Кеген ауданы ТЖБ мен №7 ӨСБ жеке құрамы арасында «Мен таңдаған өмір» тақырыбында психологиялық тренинг және «Кеген АОА» ШЖҚ МКК Салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінде кездесу өтті.

Аталған шараның басты мақсаты – қызметкерлердің психологиялық саулығын нығайту, өмірге деген оң көзқарасты қалыптастыру және моральдық-психологиялық климатты жақсарту болды.

Іс-шара алдында Алматы облысы ТЖД кадр саясаты басқармасының қызметкерлері жеке құраммен саптық тексеріс жүргізіп, нысанды киім үлгісі мен қызметтік құжаттарының талапқа сәйкестігін бақылаудан өткізді.

Психологиялық тренинг барысында қызметкерлермен эмоционалдық тұрақтылық, күйзеліс жағдайларымен күресу, ішкі ресурсты сақтау тақырыптарында жаттығулар өткізілді. Сауалнамалар арқылы жеке құрамның психологиялық жай-күйі бағаланып, ұжымішілік қолдаудың маңыздылығы айтылды.

Сонымен қатар, қызметкерлер «Кеген АОА» ШЖҚ МКК Салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетіне арнайы барып, медициналық мамандардан жұқпалы аурулардың алдын алу, ішімдік, есірткі, құмар ойындарына тәуелділік сынды деструктивті мінез-құлық түрлерінен аулақ болу, дұрыс тамақтану және дене белсенділігін арттыру туралы нақты ұсыныстар алды.

«Мен таңдаған өмір» атты бұл бастама төтенше жағдайлар қызметкерлерінің психологиялық әрі физикалық саулығын нығайтып, олардың күнделікті қызметіне оң әсер ететін маңызды қадам болды.

Алматы облысының ТЖД